Қызылордада жүйке ауруына шалдыққан азамат аязды күні адасып кеткен

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жүйке ауруымен сырқаттанатын азамат аязды күні адасып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Шиелі ауданына қарасты Ақмая ауылында болды. Сол елді мекенде тұратын азаматша жүйке ауруымен сырқатанатын туған бауырының жоғалғаны жөнінде учаскелік полиция инспекторынан көмек сұраған.

«Жоғалған адамның денсаулық жағдайын ескерген полиция бөлімінің жеке құрамы іздеу шарасына толық жұмылдырылды. Ауданның барлық ауылы мен далалық жолы назарға алынды. Сондай-ақ, вокзал маңы, орман алқаптары түгел қамтылды. Нәтижесінде жоғалған азамат Ақмаядан бірнеше шақырым қашықтықта жатқан Бидайкөл ауылы маңындағы көпір маңынан табылып, туыстарына аман-есен тапсырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар