Қызылордада жұртты дүрліктірген бала ұрлау оқиғасы расталған жоқ

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында халықты дүрліктірген бала ұрлау және бала ұрлауға әрекет жасау дерегі расталған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желі беттерінде Қызылорда қаласында бала ұрлау дерегі орын алғаны жайында қауесет тараған болатын. Қызылорда облысы полиция департаменті мұның негізсіз екенін жария етті.

«Бұл дерек шындыққа сай келмейді. Қызылорда облысы аумағында бала ұрлау және бала ұрлауға әрекет жасау дерегі тіркелген жоқ. Қызылорда облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабында жалған ақпарат тарату бойынша қылмыстық жауапкершілік қаралғанын ескертеді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Бұдан бұрын Қызылорда қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінде жасөспірімнің сөмкесін тартып алмақ болған әйел қолға түскенін хабарлаған едік .

Соңғы жаңалықтар