+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Қызылордада жұмыссыздық деңгейі төмендеді

2020 жылғы 13 ақпан 19:31
Бөлісіңіз:
Қызылордада жұмыссыздық деңгейі төмендеді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында өткен жылы жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызға төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елорда тұрғындарына жұмыс күші тапшы аймақтардан бос жұмыс орындары ұсынылуда Алматының Түрксіб ауданында 4 мың жаңа жұмыс орны ашылды Мүгедектерді жұмыспен қамту квотасын орындамаған компаниялар мемлекеттік сатып алуға қатыспайды

Облыстық қоғамдық кеңес алдында есеп берген облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Қызылорда облысында өткен жылы жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызға төмендегенін атап өтті.

Жергілікті билік кәсіпорындарда қызметкерлерді жаппай қысқартуларды болдырмауға және бұл көрсеткішті бірнеше жыл қатарынан 4,8 пайызбен орта республикалық көрсеткіштен асырмауға нақты жұмыс жасады. Қабылданған жүйелі шаралардың нәтижесінде соңғы 3 жылда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 24 пайызға, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны – 7,5 пайызға, ал, салық түсімдерінің көлемі тек соңғы жылдың өзінде шамамен 11 пайызға артқан.

Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемінің үлесін арттыру қажеттігіне тоқталды.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес, шағын және орта бизнестің өңірдің өндірілген өнімдегі үлесі 2025 жылы 35 пайыз болуы тиіс. Ал бізде, өткен жылдың 9 айы бойынша 16,5 пайыз ғана. Мұнымен қоса бейресми жұмыспен қамтылғандар жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, салық түсімін арттыруға кері әсер етіп отыр. Ендігі бір, мәселе, ол бейресми жұмыспен қамтылғандарды заңдастыру, рәсімдеп, тіркеуге алу», - деді облыс әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT