Қызылордада жұмыртқа тиелген көлік аударылып қалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жұмыртқа тиелген автокөлік аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


21 сәуірде сағат 14.50 шамасында Қызылорда қаласының орталық бөлігіндегі Желтоқсан және Тоқмағанбетов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды.

«1981 жылғы азаматтың басқаруындағы Chevrolet Nexia автокөлігі мен 1984 жылғы тұрғынның басқаруындағы Газель автокөлігі соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Материалдық шығын есептелуде», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.




Соңғы жаңалықтар