Қызылордада жүк көлігі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан адамды қағып, мерт қылды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жүк көлігі жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан адамды қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 1 қыркүйек күні Қызылорда қаласының сол жағалау аумағында болған. «КаМАЗ» жүк автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Кінәлі жүргізуші ұсталды.

«Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Онда көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, тиісті сот сараптамалары тағайындалған. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жасөспірімді қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші ұсталды.



Соңғы жаңалықтар