Қызылордада жүк көлігі қаққан екі бала көз жұмды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде «КаМАЗ» жүк көлігі 4 және 5 жастағы екі қызды қағып кетті. Ауыр жарақаттан бүлдіршіндер оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш оқиға кешкі сағат 20.00-дер шамасында болған.

«Қазіргі таңда күдікті ұсталды. Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен және 347-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ол Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.

Бұдан бұрын Қызылордада жол-көлік оқиғасынан мотоцикл жүргізушісі көз жұмғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар