Қызылордада жолда қалып қойған жолаушылар құтқарылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында құтқарушылар көліктері бұзылып, жолда қалып қойған жолаушыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жолаушылар «Шымкент-Самара» тас жолының 836 шақырымында жолда қалып қойған. Олар мінген «ГАЗель» автокөлігінің қозғалтқыш бөлігі істен шыққан.
«Бұл жөнінде Арал ауданы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің құтқару жасағы Қамыстыбас елді мекенінің бөлімшесінен 2 маман, 1 техника жедел жетті. Нәтижесінде құтқарушылар күшімен 3 адам Қамыстыбас елді мекеніндегі құтқару бөлімшесіне жеткізілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Әсия Ережепова.
- Павлодарда көпқабатты үйдің ауласында ер адамды атып өлтірген күдікті іздестірілуде
- Қостанай облысында жоғалып кеткен оқушы 12 күннен соң табылды
- Қызылордада көлік апатынан екі адам көз жұмды
- Ақтаудағы оқиға: Сәби күтушісінің үйінде көз жұмған
-
Оралда полицей көлікті соғып, жас келіншек көз жұмды
-
Жамбылда қалың тұман кезінде 14 автокөлік бір-біріне соқтығысқан
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам