Қызылордада жолаушылар электронды кітапхана қызметін пайдалана алады

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада қалаішілік автобустарда жолаушылар электронды кітапхана қызметін пайдалана алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызылорда» автобус паркі» ЖШС қаланың қоғамдық көліктерінде алғаш рет жылжымалы электронды кітапханаларын іске қосты. Бұл жоба «KitapAl» кітап дүкенімен бірлесе отырып халықтың көркем әдебиетті оқуға баулу мақсатында қолға алынды.

Электронды кітапхана серіктестікке қарасты қоғамдық көліктерінде орнатылған. Кітап оқу үшін жолаушылардың смартфондары ғаламтор желісіне қосулы болса болғаны. Сол арқылы QR кодтары бойынша кітап оқу омүмкіндігін пайдалана алады.

Мұнда қазақ, шетелдік классиктердін шығармалары және психологиялық, тұлғалық даму бағытындағы кітаптар жолаушылар үшін қолжетімді.

Жолаушылар Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар», Д.Қонаевтың «Ақиқаттан аттауға болмайды», М.Мақатаевтын «Өмір-өзен», Л.Кинның «Как разговаривать с кем угодно когда угодно и где угодно», П.Уоллейстын «Интернет психологиясы», П.Коэльоның «Алхимик», Д.Кахоның «Түйсігіңмен ойла», «Мың бір түн» шығармаларын оқи алады.

Алдағы уақытта кітаптар тізбесі жаңартылып отырады.

Еске салсақ, бұдан бұрын қызылордалық студент халықаралық зерттеушілер байқауынан табысты оралды.


Соңғы жаңалықтар