Қызылордада жолаушы тасымалдайтын автобус отқа оранды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада қала ішінде жолаушы тасымалдайтын автобус өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін, 1 ақпанда сағат 13.37-де тіркелді.

Сол уақытта қала ішінде жолаушы тасымалдайтын №1 бағдардағы «Zhong Tong Bus» маркалы автобус өртке оранды.

Автобус «Қызылорда» автобус паркі ЖШС-не тиесілі.

«Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 9 қызметкер 3 көлікпен келді. Өрт 13.49-да оқшауландырылып, 13.53-те толығымен сөндірілді. Автобустан 16 адам өз күшімен қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында елсіз далада қалып қойған 19 адам құтқарылған еді.


Соңғы жаңалықтар