+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Қызылордада жол бойында адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

2020 жылғы 31 қазан 21:27
Бөлісіңіз:
Қызылордада жол бойында адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жол бойында адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісі қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда Daewoo Matiz жүргізушісі 50 жастағы әйелді соғып кетті Елордада рұқсат етілмеген жерден өткен 200-ден астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды Оралда жол апатынан 10 жасар бала қаза тапты

Оқиға 30 қазан күні Шиелі ауданына қарасты Тартоғай ауылының тұсындағы «Шымкент-Самара» тас жолының бойында болды. Тас жолды кесіп өтпек болған ауылдың 48 жастағы тұрғынын белгісіз автокөлік иесі қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Автокөлік Қызылордадан Шымкент қаласына бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан азаматша түрлі дене жарақатын алып, аудандық ауруханаға жеткізілді.

«Патрульдік полиция рота қызметкерлері жедел іздестіру жүргiзді. Нәтижесінде сол аудандағы Бәйгеқұм елді мекенінің тұсында жүк тасымалдайтын «ГАЗель» автокөлігіне «Mercedes» автокөлігін тиеп жатқан жүргізуші ұсталды. Ол Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауылының 24 жастағы тұрғыны болып шықты», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Қызылордада жеңіл автокөлік аялдаманы қиратып кеткенін хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT