Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.29 EUR 426.40
RUB 5.93 CNY 56.58
Jańalyqtar

Қызылордада жоғалып кеткен екі бала табылды

2019 жылғы 16 сәуір 12:37 358
Бөлісіңіз:
Қызылордада жоғалып кеткен екі бала табылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде жоғалып кеткен алты жастағы екі бала аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтауда кішкентай қызды көліктен итеріп құлатқан туысқан ағасы болып шықты Елордада тағы төрт адам торттан уланды

Ес тоқтата қоймаған екі бала полиция қызметінің күшімен өз отбасысымен аман-есен қауышты. Жеткіншектер өз үйінен түске таман шығып кеткен екен. Содан күн батқанша өз отбасына оралмаған. Отбасы мүшелері оларды жақын аумақтан және баруы мүмкін деген жерлердің барлығынан қарап шыққан еді. Алайда жеткіншектер табыла қоймады.

Нәтижесінде олардың ата-аналары полиция қызметінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Полиция қызметкерлері дереу іске кірісті. Іздестіру шарасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі ювеналды бөлімінің аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Ләззат Айтқалиева  белсенділік танытты. Соның арқасында үйінен алысқа ұзап кеткен балалар аман-есен табылды. Олар отбасына оралды.

«Біздің басты міндетіміз - азаматтарға әрдайым көмек көрсету және олардың қауіпсіздігін қорғау. Өз міндетімді атқару барысында бір отбасының қуанышына ортақтасқаныма қуаныштымын», - дейді Ләззат Айтқалиева. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT