Қызылордада жоғалып кеткен балалар табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп кеткен 8 және 11 жастағы екі бала полицейлердің көмегімен бір тәуліктен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне кәмелетке толмаған екі жасөспірімнің үйінен шығып кетіп қайта оралмағаны жөнінде хабар келіп түсті.

Жоғалған балаларды іздеу үшін Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция құрамы жұмылдырылды. Барлық полиция учаскесіне бағыт-бағдар берілді. Адамдар көп жиналатын орындар, шатырлар мен қараусыз қалған ғимараттар тексерілді.

«Жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Нұрлыхан Рахменшиев пен аға инспектор, полиция капитаны Әлия Нұрмағанбетова, полиция капитаны Бауыржан Тобағабыло балаларды қала орталығындағы ойын-сауық орталығынан тапты.

Айта кетерлік жайт, екі баланың ата-анасына ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Онда кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері бұл ретте ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, ескерту, жол бермеу және олардың құқықтарын қорғау мақсатында бақылауды күшейту қажет екендігін ескертеді.

Бұдан бұрын қызылордалық полицейлер қайықта ескексіз қалған балықшыны құтқарған еді
Соңғы жаңалықтар