Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Қызылордада жоғалып кеткен 9 жасар бала аман-есен табылды

2019 жылғы 20 сәуір 16:24 648
Бөлісіңіз:
Қызылордада жоғалып кеткен 9 жасар бала аман-есен табылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде түнге қарай жоғалып кеткен тоғыз жасар бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда адасып қалған 3 жасар баланың ата-анасы табылды Оралда із-түзсіз кеткен 15 жастағы жасөспірім табылды

Жергілікті полицияның кезекші бөліміне түнгі уақытта Тасбөгет кенті тұрғынынан хабарлама келіп түсті. Онда кент тұрғыны 2010 жылы дүниеге келген ұлының үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан.  Ювеналды полиция инспекторлары дереу іздестіру шараларын бастады. Нәтижесінде барлық туыстары, таныстарының және сыныптастарының үйлері, көшелер, көпқабатты үйлердің жертөлелері қаралды. Дегенмен үйінен беймезгіл уақытта шығып кеткен бала бірден табыла қойған жоқ. Таңғы сағат 7.00 шамасында жасөспірім танысының бірінің үйінен аман-есен табылды.

«Бұл іздестіру шаралары барысында қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Гүлзира Ысқақова белсенділік танытты. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған оқушымен және ата-анасымен профилактикалық алдын-алу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Қызылорда облысында жоғалып кеткен екі баланың табылғанын хабарлаған едік.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Қызылорда облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT