Қызылордада жоғалған жасөспірім қыздарды іздеуге еріктілер де қосылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада екі күннен бері хабарсыз кеткен үш жасөспірім қызды іздестіру шараларына еріктілер де қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, 25 наурызда сағат түнгі 02.00 шамасында «Отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылында» тәрбиеленіп жүрген 15-16 жастағы үш жасөспірім қыз белгісіз себеппен аталған мекен-жайдан шығып кеткен. Содан бері хабарсыз қалған. Олардың хабарсыз кетуіне байланысты іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

«Жасөспірімдердің қауіпсіздігі үшін іздеу шараларына ерікті азаматтар да жұмылды. Жасөспірім қыздар әлі де табылған жоқ. Осыған байланысты іздеу жұмысына белсенді азаматтарды, жанашыр еріктілерді шақырамыз», - деп жазылған Қызылорда облыстық білім басқармасы таратқан хабарламада.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, осы мақсатта облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің шатырлары, саяжайлар, тастанды үйлер мен құрылысы бітпеген ғимараттар, ойын-сауық орталықтары мен жалдамалы пәтерлер тексерілуде. Олардың фотосуреттері көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар облыстық полиция департаменті бастығының бақылауында.


Соңғы жаңалықтар