Қызылордада жоғалған жасөспірім қыздар Алматыдан табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында екі күннен бері хабарсыз кеткен 14 және 16 жастағы жасөспірім қыздар Алматыдан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полиция қызметкерлері мен туыстары іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, олар Алматы қаласынан табылды. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімдерді Қызылордаға жеткізіп ата-анасына табыстау үшін Алматы қаласына іссапарға жіберілді», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, облыс орталығында тұратын екі жасөспірім қыз 1 маусымда қалалық демалыс орнына қыдырып кеткен. Содан үйлеріне қайта оралмаған. Оларға іздеу жарияланған болатын.


Соңғы жаңалықтар