Қызылордада жоғалған жасөспірім екі қыз Шымкенттен табылды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада бірнеше күн бұрын жоғалған 14 және 16 жастағы екі жасөспірім қыз Шымкенттен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатқан екі жасөспірім қыз 8 қараша сағат 09:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.

Бұл жөнінде қалалық полиция басқармасына хабарлама келіп түсті.

«Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бірнеше күн іздестіру жұмысын жүргізді. Нәтижесінде жасөспірімдер Шымкент қаласынан аман-есен табылды. Қазіргі таңда жасөспірімдер қалаға жеткізілді. Олармен профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.


Соңғы жаңалықтар