Қызылордада жоғалған 3 жасар бала табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысы Қазалы ауданының полицейлері кешкі уақытта жоғалған 3 жасар баланы тауып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазалы аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны аулада ойнап жүрген ұлының жоғалғаны туралы хабарлаған. Полицейлер дереу іздестіру жұмыстарын бастады.

«Полицейлер жақын маңдағы барлық аумақты шолып шықты. Көрші үй аулалары, ойын алаңдары назарға алынды. Жоғалған бала аудан орталығының шеткі көшесінің бірінен табылды. Ювеналды полиция қызметкерлері ата-анасымен профилактикалық бағыттағы түсіндірме жұмыстарын жүргізді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, Қызылордада жоғалып кеткен 7 жасар бала өзен жағасынан табылды.


Соңғы жаңалықтар