Қызылордада жоғалған 15 жастағы қыз Өскеменнен табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада үйінен шығып кеткен 15 жастағы қыз Өскемен қаласынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласының Полиция басқармасына 7 қараша күні жергілікті тұрғын хабарласқан. Онда 2005 жылы дүниеге келген қызының туыстарына барып, одан әрі қарай белгісіз бағытқа шығып кеткені айтылған. Содан үйіне қайтып оралмаған.

«Жоғалған қызды іздестіру үшін мобильді топ құрылды. Топ құрамына учаскелік полиция инспекторлары мен криминалдық полиция қызметкерлері енгізілді. Сондай-ақ полицияның қосымша күштері тартылды. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жасөспірім қыздың досымен кездесу үшін Өскемен қаласына жолға шығып кеткені анықталды. Қазір оның ата-анасы Өскемен қаласына аттанды», - дп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар