+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Қызылордада жер үйдегі өрт ұялы телефон қуаттағышынан шығуы мүмкін

2019 жылғы 12 қараша 22:17
Бөлісіңіз:
Қызылордада жер үйдегі өрт ұялы телефон қуаттағышынан шығуы мүмкін

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда қаласында жер үйден өрт шығып, отбасының тұрмыстық заттары мен киім-кешектері толығымен жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Өрт 11 қараша күні сағат 17.30 шамасында Қорқыт ата көшесі бойындағы тұрғын үйде тұтанған. Құтқарушылар жедел әрекет еткеніне қарамастан, үйдің шатыры мен ішіндегі заттар түгел отқа оранған.

«Салдарынан көлемі 10х15 метр болатын тұрғын үйге елеулі зиян келді, адам шығыны жоқ. Оқиға орнына тиісті сала мамандарымен бірге қала әкімдігінің өкілдері де барып, мәселенің мән-жайымен танысты. Өрттің шығу себебі анықталуда. Отбасы мүшелері түгел туысқандарының үйіне көшірілді. Оқушы балалар мектепке қажетті киімдермен, құрал-жабдықтармен және оқулықтармен толық қамтамасыз етілді. Сондай-ақ қаржылай көмек көрсетілді. Қазіргі таңда қала әкімдігі тарпынан жанұяға басқа да көмек көрсету мүмкіндіктері қарастырылуда. Мәселе қала әкімінің тікелей бақылауында», - деп мәлім етті Қызылорда қаласының әкімдігінен.



Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепованың хабарлауынша, оқиға орнына 3 техника мен жеке құрам қатарынан құтқарушылар, өрт сөндірушілер және «Апаттар медицинасы» орталығынан барлығы 20 адам жұмылдырылды.

«Бізге алдын ала белгілісі, үйде ұялы телефон электр қуаттағышқа қосулы болған. Сол сәтте үйде ешкім болмаған екен. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің нақты шығу себептері анықталуда», - деп мәлім етті Әлия Ережепова.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT