Қызылордада жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, 6 адам жапа шекті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы Әлихан Бөкейхан және Елеу Көшербаев көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 6 адам медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 08.30-да орын алды. «Toyota Camry» маркалы автокөлік бағдарлы автобусқа жол бермей, екеуі соқтығысып қалған. Салдарынан 6 адам медициналық мекемеге жеткізілді. Қайтыс болғандар жоқ.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
- Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты
- Алматы сауда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті
- Алматыда жүк машинасы жер астына түсіп кетті
- Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі көз жұмған отбасына үй берілді
-
Елордада Бектұров көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылды
-
Солтүстік Қазақстанда анасы ұрған 3 жасар қыз қайтыс болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам