Қызылордада жеңіл автокөлік өртеніп, бір адамды күйік шалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында жеңіл автокөлік өртеніп, бір адамды күйік шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін, 28 сәуірде сағат 13.35-те облыс орталығындағы Әбуов көшесі көп қабатты тұрғын үйдің жанында болды. Сол сәтте облыстық төтенше жағдайлар департаментіне «Nexia» маркалы жеңіл автокөлігі толығымен жанып жатқандығы жөнінде хабарлама түскен.

«Шақырту кеш келіп түсуі салдарынан өртке қарсы қызмет мамандары келгенше автокөліктегі газ құрылғысы жарылған. Ол автокөліктің толығымен жанып кетуіне алып келді. Өрттен 1996 жылы дүниеге келген жолаушы 42% термиялық күйік алып, қалалық ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда жағдайы ауыр. Сонымен қатар автокөлік жүргізушісі 1987 жылғы азаматқа алғашқы көмек көрсетіліп үйіне қайтарылды. Өртті толықтай сөндіру мақсатында өрт сөндіру қызметінен 6 қызметкер 1 бірлік техника күші пайдаланылды. Жалын 13.50-те толық сөндірілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен.

Еске салсақ, Қызылорда қаласында кеше 6 жасар бала жоғалды.



Соңғы жаңалықтар