Қызылордада жеңіл автокөлік аялдаманы қиратып тастады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында жеңіл автокөлік аялдамаға соғып, оны қиратып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға облыс орталығындағы Қорқыт ата және С.Торайғыров көшелерінің қиылысында болды. «Mercedes-Benz» көлігінің иесі жолдың оң жақ жиегіндегі аялдамаға барып соққан.

«Көлік жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалған. Полицейлер оның кім екендігін анықтады. Көлік айып алаңына қойылды. Көлік жүргізушісі ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің үш бабы бойынша жауап беріп, айыппұл төлейді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қызылордада жол-көлік оқиғасы болып, бір жүргізуші мылтықпен оқ атқан.


Соңғы жаңалықтар