+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Қызылордада жемқорлықпен күрес мәселелері талқыланды

2020 жылғы 1 қазан 09:23
Бөлісіңіз:
Қызылордада жемқорлықпен күрес мәселелері талқыланды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыста ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында биылғы жылдың 8 ай қорытындысын, ал Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ғалым Едігеев «Мемлекеттік сатып алуларды орталықтандыру» пилоттық жобасының орындалу барысы және арнайы тәртіптегі мемлекеттік сатып алулар туралы баяндады.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мүдделі мемлекеттік орган басшыларына Мемлекет басшысының Жолдауынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта туындайтын барлық қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.


Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру және азаматтардың ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету, тұрмыстық жемқорлықты жою, қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу заңнамаларының қатаң сақталуын қамтамасыз етілуін, талдау және профилактикалық жұмыстарды күшейту бағыттарын нақты айқындады.

Аймақ басшысы мемлекет тарапынан кәсіпкерлік субъектілердің заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету қажеттілігін ерекше атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT