Қызылордада жаза өтеу тәртібін бұзған пробация есебіндегі 6 азамат түзеу мекемесіне жіберілді
2022 жылғы 4 шілде 19:27

Қызылордада жаза өтеу тәртібін бұзған пробация есебіндегі 6 азамат түзеу мекемесіне жіберілді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде 600-ге жуық сотталған есепте тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақтағы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, олардың ішінде кәмелет жасқа толмағандар мен әйелдер де бар. Пробация қызметінің есебіндегі сотталғандардың қоғамда өзін шет сезінбей, бейімделуі үшін ұдайы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осындай шараларға қарамастан, жазасын өтеу тәртібін өрескел бұзатын сотталғандар кездеседі.

«Есептегі азаматтар арасында сот жүктеген міндеттерді орындамай, пробация инспекторларының ескертулеріне құлақ аспаған азаматтардың істері пробация қызметінің ұсынысы негізінде сотқа жолданады. Сот қаулысымен оның жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, түзеу мекемесіне жіберіледі. Жыл басынан бері Қызылорда қалалық пробация қызметі бақылауға алған 15 сотталған жазасын өтеу тәртібін қасақана бұзғаны үшін жеке іс-құжаттары сотқа жіберілді. Сот қаулысымен 6 азаматтың жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын айыруға ауыстырылып, қамаққа алынды. Ал қалған сотталғандардың іс-құжаттары сотпен қаралуда», - дейді қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Жалғас Есмаханов.



Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT