Қызылордада жастарға қызмет көрсету орталығы ашылады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сыр өңірінде жастарға қызмет көрсету орталығы ашылады. Бұл елімізде жарияланған Жастар жылы аясында жүзеге асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастар жылында Қызылорда облысында бірқатар шаралар өткізу жоспарланып отыр. Жастарға қызмет көрсету орталығы құрылысы былтырдан бастап қолға алынды.

«Қызылордада жастарға қызмет көрсету орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Ол жаңадан бой көтерген Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл нысан Жастар жылы аясында пайдалануға берілетін болады. Орталық облыс жастарына бір терезе қағидаты бойынша қызмет көрсетеді. Оны салу жұмысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдаланылған», - деді Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов.

Мамырда облыстық ауыл жастарының слеті ұйымдастырылады. Онан соң Қармақшы ауданында түркі тілдес елдер жастарының халықаралық фестивалі, сондай-ақ Қамбаш көлінде «Жас Отан» жастар қанатының республикалық тынығу лагері ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, қала мен аудандардан «Жастар сарайы» және «Жастар аллеясы» ашылмақ.Мұнан соң, «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі - жастардың заманауи білімінде» TEDх форматындағы республикалық форумы, «Hack Day» және «HARDATHON» байқаулары өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар