Қызылордада жастар саясаты бойынша «Жол картасы» қабылданды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 2014-2015 жылдарға арналған жастар саясатын дамыту бойынша «Жол картасы» қабылданды. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасынан хабарлады.

«Жастармен мақсатты жұмыс жасау және тиімді ұйымдастыру жұмыстарын қолға алуға бағытталған «Жастарды қолдау орталығы» ашылды. Сонымен қатар «Жол картасы» аясында жастар саясаты саласында әлеуметтік жобалар іске асырылды», - делінген хабарламада.

Атап өтетін бір жайт, облыс әкімдігі тарапынан тұрмыстары төмен отбасыларының студенттеріне әрдайым қолдау көрсетіліп келеді. 2012 жылы студенттер үшін қоғамдық көлік жеңілдіктеріне 59,8 млн теңге бөлінсе, 2013 жылы бұл көрсеткіш 84,4 млн теңгеге ұлғайды.

Хабарламадан мәлім болғандай, 2014 жылы «Жол картасы» аясында аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермекші.

Статистика бойынша, қазір облыста шамамен 204,6 мыңдай жас бар. Бұған қоса, аймақта 60 жастар ұйымы тіркеліп, жұмыс жасап жатыр.

Соңғы жаңалықтар