Қызылордада жасөспірімді қаққан 32 жастағы жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жаяу жүргіншілер жолында жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласындағы С.Толыбеков және М. Әуезов көшелері қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінде келе жатқан жасөспірімді белгісіз автокөлік қағып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жасөспірім дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті автокөлік иесі анықталды. Бұған байланысты 32 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігі және 611-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Жасөспірімнің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Түпкілікті шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар сотқа жіберіледі», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада көлікке қысылып қалған жүргізуші құтқарылған болатын.


Соңғы жаңалықтар