Қызылордада жасөспірімді қағып өлтірген мас жүргізуші 1,5 жылға сотталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жасөспірімді қағып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға өткен жылдың 11 сәуірінде Сырдария ауданына қарасты Шаған ауылында болған. Сол күні 43 жастағы азамат елді мекен көшесінің бірінде «Mercedes-Benz 200 Е» автокөлігімен келе жатып, жылдамдық режимін асырған.

Қарсы бағытқа шығып, өз жолымен келе жатқан велосипедтегі жасөспірімді қағып кеткен

«Жол-көлік оқиғасынан алған дене жарақаты салдарынан жасөспірім оқиға орнында қайтыс болған. Тексеру барысында жүргізушінің рөлде мас болғаны анықталды. Күдіктінің іс-әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сараланды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, күдіктінің іс-әрекетіне объективті тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліді. Қылмыстық іс ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 300-бабына сәйкес, айыптау актісімен сотқа жолданды.

Сырдария аудандық сотының үкімімен айыпталушыға 10 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада мүгедектердің жәрдемақысын жымқырып, оны құмар ойындарына жұмсағандар ұсталды.


Соңғы жаңалықтар