Қызылордада жасөспірімдердің үйден кетіп қалу дерегі көбейген

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында кәмелетке толмағандар арасында ата-анасымен ренжісіп, үйден кетіп қалу дерегі көбейіп барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының 102 арнасына Қызылорда қаласының тұрғынынан хабарлама түсті. Онда өзінің кәмелетке толмаған қызының түнгі уақытта терезе арқылы үйінен қашып кетіп, осы уақытқа дейін қайта оралмағандығы жөнінде айтылған.
«Полицейлер дереу іздеу жұмыстрына кірісті. Біршама уақыттан кейін жасөспірім қыз құрбысының үйінен табылды. Облыс бойынша былтыр кәмелетке толмағандар арасында хабар-ошарсыз кетудің осындай 92 дерегі тіркелді. Олардың барлығы ата-анасына аман-есен тапсырылды. Осыған орай ата-аналардан балаларын бақылаудан шығармай, жауапкершілікті күшейтуді сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетелік, өткен жылдың желтоқсан айында Алматы облысында жоғалған жасөспірім Қызылордадан табылды.
- Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша
- Ауған соғысына қатысқан жалғыз қазақ қызы
- СҚО-да полицейлер мұқтаж жандарға аулаларын қардан тазартуға көмектесіп жатыр
- Елорданың жетістіктері сіздермен байланысты - Көлгінов әйелдерді мерекесімен құттықтады
-
Сәбилердің қылығына еріксіз сүйсінесің - зағип массажист Әмина Әбиева
-
Қызылордада бесінші қабаттан секіріп кеткен 14 жастағы қыз қайтыс болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам