Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.82 EUR 428.67
RUB 5.86 CNY 54.95
Jańalyqtar

Қызылордада жасөспірім қызды зорлауға оқталған күдікті қолға түсті

2019 жылғы 28 қаңтар 18:04 1083
Бөлісіңіз:
Қызылордада жасөспірім қызды зорлауға оқталған күдікті қолға түсті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында жасөспірім қызды зорлауға оқталған күдіктіні полиция қызметкерлері қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл оқиға Қызылорда қаласындағы мөлтекаудандардың бірінде орын алған. Күдікті оқиға орнынан бой тасалап үлгерген. Дегенмен полиция қызметкерлерінің іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті қолға түсті. Оның Қызылорда қаласының тұрғыны екені белгілі болды.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында күдікті тұлға уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес қалған мәліметтер жария етілмейді», - делінген Қызылорда облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Аталмыш қылмыстық іс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекісінің 24-бабы 3-бөлігімен, 120-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

2018 жылдың қазан айының басында да Қызылордада жасөспірім қызға жыныстық сипаттағы әрекет жасаған күдікті ұсталған еді

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT