+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Қызылордада «Жасампаз 25 жыл» атты салтанатты шара өтті

2020 жылғы 29 ақпан 07:30
Бөлісіңіз:
Қызылордада «Жасампаз 25 жыл» атты салтанатты шара өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы мен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Жасампаз 25 жыл» атты салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш шара «Достық үйінің» алдынан басталды. Келген қонақтарды облыстық этномәдени бірлестіктің жетекшілері мен жастары «Отаныма мың алғыс», «Жасампаз 25 жыл» тілектерімен қарсы алды. Салтанатты шараға қатысушылар «Достық үйінде» әзірленген бірегей экспонаттарды, этностардың ұлттық киімдерін, тұрмыс заттарын тамашалады.

Салтанатты шараның ашылуында облыс əкімі, облыстық ҚХА төрағасы Қуанышбек Ысқақовт өз лебізін білдірді.

«Биыл қасиетті қазақ жерін татулықтың талбесігі етіп, ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болған Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толып отыр. Бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейін асыру арқылы ел бірлігін нығайта түсетін жыл. Тәуелсіздік алған тұста еліміз қиын таңдау алдында тұрды. Қазақстан халқы Ассамблеясы – күрделі кезеңде берекелі болашағымызды бірлікпен байланыстырған дәуірдің белесінде құрылды. Бүгінгі күні қоғамдық қауіпсіздік пен ел тыныштығын қамтамасыз етуге, ортақ үйіміздегі татулық пен бейбітшілікті сақтауға шақыруға бағытталған жұмыстарды жетілдіру маңызды. Осы орайда, біз қазақы қаймағы бұзылмаған Сыр өңірінің мызғымас бірлігі мен әрбір азаматтың Отанға деген мәңгілік сүйіспеншілігін одан әрі ұлықтай түсуіміз қажет. Тату елде тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады», - деді облыс әкімі.

Мерекелік шараға Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин, РФ Алматыдағы Бас консулдығының өкілі Ольга Мощеева құрметті қонақ ретінде қатысты. Сондай-ақ Байқоңырдан келген өнерпаздар сахнаға шығып, арнайы əзірлеген бағдарламаларын ұсынды. Шараның тағы бір ерекшелігі корей этнос өкілдерінің қазақтың ұлттық биін, түрлі этнос өкілдері «Сыр сұлуы» әнін әсем орындап, шырқады.

Тағылымды шара барысында облыстық ассамблея негізін қалауға атсалысқан Ге Хак Рим, Мотель Зелекович және Ассамблеяның құрылған жылынан бастап белсенді жұмыс істеп келе жатқан облыстық этномәдени бірлестік жетекшілерінің арнайы бейнеролигі көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен бірге, ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем Жалағаш ауданы Бұқарбай ауылы, Қармақшы ауданы III интернационал ауылдарындағы этнос өкілдерінің жолдаған жылы лебіздері тыңдалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT