Қызылордада жас инспекторлардың республикалық слеті өтеді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында Ғ.Байтасов атындағы қозғалыстың жас инспекторларының республикалық слеті өтеді. Бұл шара ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің бастамасымен қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық слетке барлығы 190 бала келеді деп күтілуде. Олардың арасында Қазақстанның өңірлік жарыстарының жеңімпаздары, сондай-ақ Беларусь, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының командалары қатысады.

Аталмыш шараға Қызылорда облысының әкімдігі мен облыстық ішкі істер департаменті және Қазақстандағы «Шелл» концерні қолдау білдіріп отыр.

«Қызылордада өтетін слет бағдарламасында «Саптық байқау», «Жас реттеуші», «Жол-қозғалыс ережелері білгірлері», «Жас санитар», «Эрудиттер турнирі», «Үгіт бригадалары конкурсы» атты сайыстар бар. Сондай-ақ, велосипедті мәнерлеп жүргізу және оны автоқалашықта жүргізу жөніндегі жарыстар қамтылған.

Бұдан бөлек, слет бағдарламасында полиция қызметкерлері мен білім беру жүйесінің жұмыскерлері арасында конкурстар өткізілгелі отыр, олардың нәтижелері жалпыкомандалық есепке алынады», - деп атап өтті ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ақтоты Боранова.

Республикалық слеттің ашылу рәсімі 22 тамызда өткізіледі. Биылғы жылы қозғалыс негізгі қаланған күнінен бастап 45 жылдығын атап өтеді.

Еске сала кетсек, 2001 жылдан ҚР Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитеті бұла шараны қайта жаңғыртып, тұрақты түрде өткізіп келеді. 

 

Соңғы жаңалықтар