Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде 210 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға көрінген

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жаппай тәртіпсіздік кезінде жалпы 210 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға көрінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаппай тәртіпсіздік кезінде 18 ғимарат бүлініп, оларға материалдық шығын келтірілген. Мұндай ғимараттар қатарында облыстық және қалалық әкімдік, облыстық, қалалық «Nur Otan» партиясы, облыстық, қалалық сот, облыстық полиция департаменті және қалалық полиция басқармасы бар. Сондай-ақ, жергілікті полиция басқармасы, 6 стационарлық полиция пунктері, ломбард және және өзге де ғимараттар бар.

Оған қоса 147 автокөлік зақымданды. Оның ішінде 119 мемлекеттік автокөлік есептелді. Ал ломбард және аңшылық дүкені секілді 2 кәсіпкерлік нысаннан мүліктер ұрланған.

Жаппай тәртіпсіздік кезінде жалпы 210 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаларға көрінген. Олардың қатарында полиция қызметкерлері де бар.

«Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабымен 59 қылмыстық іс тіркелді. Жаппай тәртіпсіздік және қарулы шабуыл қылмысына қатысы бар деген күдікпен 99 адам ұсталды. Бұл азаматтар дер кезінде адвокаттар қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс-әрекеттерге жол беруінің алдын алу мақсатында барлық ұсталғандар сот-медициналық сараптамасынан өткізілді. Осыдан кейін қамауға алу шаралары қабылданды. Сот шешімі негізінде 22 адам қамаудан босатылды», - деді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда тұрғынынан әскери қызметшілерге тиесілі қарулар табылды.



Соңғы жаңалықтар