Қызылордада жаңажылдық мереке күндері ешқандай оқыс оқиғалар болған жоқ

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жаңажылдық мереке күндері тұрақты қалыпта өтті. Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте өткен селекторлық кеңесте айтылды.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың басшылығымен өткен желі бойынша жиында аудандар мен қала әкімдері өздеріне бекітілген аумақтардағы әлеуметтік-саяси ахуал туралы баяндады. Аймақ басшысы атап өткендей, жаңажылдық мереке күндері облыстың әлеуметтік-саяси ахуалы тұрақты қалыпта болды. Соған қарамастан, 31 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін облыстық медициналық орталық пен қалалық емхананың травматика бөлімінен медициналық көмек сұраған адамдардың саны 235 болған. Олардың 8-і жол-көлік оқиғаларынан зардап шексе, 100 адам тұрмыстық жарақаттар алған, сондай-ақ 125 адам көшеде жүріп, мұзға тайып құлаған.

Жиында облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев осы күндері қоғамдық тәртіпті сақтауға байланысты атқарылған жұмыстар жайын баяндап берді.

Соңғы жаңалықтар