Қызылордада Жаңа жыл қарсаңында ұстаздар ұлықталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңа жыл қарсаңында бір топ ұстазды ұлықтады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жаңа жыл қарсаңында жылдың қорытынды салтанатты шарасында ұстаздар ұлықталды. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев №136 мектеп-лицейдің директоры Қайыркүл Әбдиеваға Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін тақты», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қала әкімінің білім беру саласы қызметкерлеріне тағайындаған 150 мың теңге көлеміндегі сыйақысы табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар