Қызылордада жалған шот-фактура жазып беретін қылмыстық топ ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті екі жыл бойы жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржылық барлау «НаурызСтройПроект» ЖШС басшысы мен 5 жауапты тұлғасы жүйелі негізде бірқатар кәсіпорындарға шарттың жалпы сомасының 6% мөлшерінде сыйақы үшін жалған бухгалтерлік құжаттар жазып бергені анықтады.

Бұдан әрі тергеу «НаурызСтройПроект» ЖШС-нің қызметкерлер штаты, мүлкі және өндірістік-техникалық базасы жоқ екенін, ал құжаттарда көрсетілген жұмыстар (қызметтер) іс жүзінде орындалмағанын анықтады. Нәтижесінде мемлекетке 687 миллион теңге көлемінде залал келтірілді.

Қылмыстық топтың үш мүшесі 2 жылға бас бостандығынан, тағы үшеуі 2 жылға шартты түрде сотталды.

105 миллион теңге көлемінде келтірілген зиянның бөлігі мемлекет кірісіне өндіріліп алынды.


Соңғы жаңалықтар