Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.19 EUR 426.63
RUB 5.92 CNY 56.54
Jańalyqtar

Қызылордада жалған ақша жасағандар бас бостандығынан айрылды

2019 жылғы 10 наурыз 20:55 583
Бөлісіңіз:
Қызылордада жалған ақша жасағандар бас бостандығынан айрылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жалған ақша жасап, қолға түскен қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Азаматтар құжаттарын Қазақстан аумағындағы кез келген тіркеуші органға бере алады 15 мың мұғалім төленбей келген 176 млн теңге үстемеақыларын алды

Қылмыстық топ құрамында екі адам болған. Олардың бірі 2017 жылдан бері құндылығы 10 мың теңгелік және 100 долларлық банкноттарды жасаумен айналысқан. Оны базарларда, сауда дүкендеріне өткізіп келген. Тергеу барысында Қызылорда қаласындағы сауда дүкені, дәмхана, жанармай бекеті, өзге де шаруашылық нысаны және азаматтарға жалған ақшаны өткізу жағдайы кездескені белгілі болды.

Ал қылмыстық топтың тағы бір мүшесі аталмыш қолдан жасалған банкноттарды сақтаған. Оларды өткізуге қатысқан.

«Олар жалған 10 мың теңгелік 143 дана және 100 АҚШ долларын салып көлікпен шыққан кезекті сапарында қолға түсті. Олардың жалған ақшаларды өткізу жағдайлары сот сараптамасы және куәгерлердің дәлелімен нақтыланды. Барлық әрекеті белгілі болды», - деді Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Бақыт Орданова.

Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен олардың әрекеттері Қазақстан республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабының 2-бөлігі 1,2,3 тармақтары бойынша дәлелденіп, кінәлі деп танылды. Жалған ақша жасаушылар 5 жыл 3 айға бас бостандығынан айрылды. Жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейтін болды. 

Бұдан бұрын Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар жазаланғанын хабарлаған едік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сот, Қызылорда облысы, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT