Қызылордада жағажайда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорданың қалалық жағажайында 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін, 25 шілдеде сағат 16:24 шамасында болған. Қалалық жағажайда суға түсіп жүрген жасөспірім суға батып кеткен.

«Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама келіп түсті. Онда жағажайда суға жүзіп жүрген баланың суға кеткені анықталды. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағынан 1 техника мен 6 құтқарушы барды. Жасақ қызметкерлері жасөспірімді батқан жерінен тапты. Баланың қаладағы мектептің бірінде тоғызыншы сынып бітіргені анықталды», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Айта кетсек, биыл Қызылорда облысында 23 адам суға кетіп қаза болды. Оның 8-і бала.

2021 жылы облыстың су айдындарында 37 адам көз жұмса, 21-і кәмелеттік жасқа толмағандар.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада 2 жасар сәби үрлемелі бассейнге батып кеткен еді.



Соңғы жаңалықтар