Қызылордада заңсыз ойынға қатысты үш іс бойынша сот үкімі шықты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада заңсыз ойынға қатысты үш іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған заңсыздықтарды 2020 жылдың қазан-қараша айларында Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері анықтап, тергеу барысында қылмыстар толық дәлелденген болатын.

«Қызылорда қаласының 36 және 24 жастағы екі тұрғыны өткен жылдың жазында ойын кеңселерін ашқан. Яғни, ғимараттарды жалға алып, біріншісі 6, екіншісі 15 компьютерге ғаламтор желісі арқылы ақшалай бәс тігу жолымен ойналатын интернет казино құмар ойындарын іске қосқан. Компьютерлер жадында сақталған бірнеше бағдарламалар мен төлем жүйесіне сілтемелерді криминалист маман қорытындысы анықтаған», делінген хабарламада.

Шиелі ауданы Шиелі кентінде 34 жастағы тұрғыны осындай мақсатта интернет казино ашқан.

Қызылорда қалалық №2 соты және Шиелі аудандық соты үш азаматты да ҚР ҚК 307-бабы 1-б. сәйкес кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Қылмыс орнынан алынған 25 компьютер процессоры, 29 монитор, 3 модем және 35 520 теңге ақша мемлекет пайдасына алынды.



Соңғы жаңалықтар