Қызылордада заңсыз ойын бизнесін жүргізген 88 қылмыс тіркелген

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар қатары артып тұр. Соңғы екі жылда бұл бойынша 88 қылмыстық іс тіркелген. Бұл жөнінде Қызылорда облыстық прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы екі жылда Қызылорда облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша 88 қылмыстық іс тіркелді. 94 адам сотталды. Заңсыз айналымнан 200-ден астам ойын автоматтары тәркіленіп, жойылған.

Келтірілген мәліметтер облыстық прокуратураның құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінен құрылған мобильді топ жұмысының нәтижесі болып табылады. Жедел-іздестіру шараларының барысында Қазалы ауданы және Қызылорда қаласының аумағында заңсыз ойын мекемелерінің желісін ашқан қылмыстық топ анықталған.

Бұдан бұрын Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар жазаланғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар