Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларға сот үкімі шықты

Фото:
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы екі азаматқа сот үкімі шығарылып, біріне 1000 АЕК, екіншісін 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, е кі ойын орны бойынша заңсыз бизнес істерін ведомствоның Қызылорда облысы бойынша департаменті тергеген.

«О.Цой заңсыз ойын мекемесін ашып, букмекерлік кеңсесінің атынан ғимарат жалға алған және 9 дербес компьютер алып интернет желісіне қосқан. Сараптама қорытындысына сай, желілік блоктарды пайдалану арқылы арнайы бағдарлама қолданып, онлайн ойындар сайтына кірген. Букмекерлік кеңсе орнын аша отырып, қызмет көрсететін персонал ретінде үш адамды осы заңсыз қызметке тартқан», - деп жазды агенттіктен.

Екінші азамат Қ.Наурызбаев пәтер жалға алып, «электронды рулетка» ойын құрылғысын орнатқан. Екі кісіні кассир қызметіне, екі кісіні күзетші ретінде жұмысқа қабылдаған.

Сотталушыларға тағайындалған айыппұл сомасын төлеуге бір ай мерзім берілді, жалтарған жағдайда айыппұл мәжбүрлі түрде өндірілетін болады.


Соңғы жаңалықтар