Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған алматылық әйел жазаға тартылды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған алматылық әйел жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылық әйел Қызылорда қаласында ойын ұйымдастырған. Бұл мақсатта Қазыбек би көшесінен көп қабатты үйден бөлмелерді жалға алған. Ол бірнеше ай заңсыз ойын ойнатып, ірі көлемде пайда тапқан. Аталған заңсыз істі Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері анықтады.

«Тиісті мамандар бухгалтерлік және қаржы-бюджеттік сараптамалар жүргізді. Нәтижесінде заңсыз ойын бизнесінен оның 8 млн 190 мың теңге тапқаны белгілі болды. Азаматша У.А. ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы 2-бөлігі 3-тармағымен 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 274 млн теңгенің өнімін заңсыз тасымалдаған кәсіпкер шартты түрде сотталды.


Соңғы жаңалықтар