+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Қызылордада заңсыз қару тасымалдаудың 5 дерегі тіркелді

2020 жылғы 25 қараша 18:42
Бөлісіңіз:
Қызылордада заңсыз қару тасымалдаудың 5 дерегі тіркелді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Құқық тәртібі» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шара облыс көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алу мақсатында қолға алынды. Аталған шара 30 қарашаға дейін созылады.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, іс-шараның алғашқы күнінде 290 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Сондай-ақ, заңсыз қару тасымалдаудың 5 дерегі тіркелді.

Сырдария ауданында 23 жастағы азаматты ішкі істер органдарында тіркеуде жоқ бір ұңғылы, 12-калибрлі аңшы мылтығын заңсыз алып жүргені белгілі болды.

Ал Шиелі ауданы Қодаманов ауылының 39 жастағы тұрғын да тіркеуде жоқ бір ұңғылы аңшы мылтығын заңсыз алып жүргені анықталды.

«Аталған деректер бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482 бабымен әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, сотқа жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетелік, Қызылордада жыл басынан бері 1 мыңға жуық адам мас күйінде көлік жүргізген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT