Қызылордада заңдастырылып жатқан көліктердің басым бөлігі Ресейден жеткізілген

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 1050 шетелдік автокөлік заңдастырылды. Оның басым бөлігі Ресейден жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тлішісі.

Елімізде 23 қаңтардан бастап шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды. Соған сәйкес өңірде қазірге дейін 1050 адам тиісті құжатын алды.

«Құжаты толық азаматтар мемлекеттік нөмірлік белгісін алып, өз көліктерін сәтті заңдастырып үлгерді. Азаматтарға халыққа қызмет көрсету орталығындағы мамандар көмектесіп жатыр. Қазірге дейін заңдастырылған көліктердің көпшілігі Ресей, Армения, Грузиядан жеткізілген. Сондай-ақ, басым бөлігі - «Daewoo Nexia» маркалы автомобильдер», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, халыққа қызмет көрсету орталығында мамандардан кеңес алып, база бойынша құжаттарды тексеруге мүмкіндік бар.

Әрбір өтінім жеке қаралады. Қосымша сұрақтар туындаған автокөлік иелеріне қажетті ұсыныстар беріледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын он мыңыншы қазақстандық шетелден әкелген көлігін заңдастырды.

Фото: Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі


Соңғы жаңалықтар