Қызылордада волейболдан халықаралық турнир өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске түсіруге арналған волейболдан ардагерлер арасындағы халықаралық турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыр өңірінде тұңғыш рет ұйымдастырылған жарысқа Өзбекстан, Қырғызстаннан, еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Байқоңыр қалалары мен Алматы, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау Қызылорда облыстарынан 12 команда бақ сынады. Турнирде жасы 50-ден асқан ардагер спортшылар сайысқа түсті.

Жарыстың құрметті қонағы ретінде қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов қатысып, Алматы қаласының КазНАУ команда құрамында ойын көрсетті. Айта кетейік, бұдан бұрын халықаралық турнир Алматы, Тараз, Атырау қалаларында өткізіліп келген болатын.

Үш күнге созылған жарыст нəтижесінде КазНАУ командасы жеңімпаз атанды. Ал Байқоңыр волейболшылары екінші, Шығыс Қазақстан жəне Түркістан облыстары үшінші орын алды.


Соңғы жаңалықтар