+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қызылордада ұжымдық және отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынған

2020 жылғы 27 мамыр 03:00
Бөлісіңіз:
Қызылордада ұжымдық және отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынған

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында карантиндік шектеулер жеңілдегеніне қарамастан ұжымдық, отбасылық іс-шараларды өткізуге шектеу қойылады. Бұл жөнінде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жергілікті «Qyzylorda» телеарнасының тікелей эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматылықтар коронавирустан қалай емделіп жатыр- сауалнама Елордалық келіншек коронавирустан айығып, қыз баланы дүниеге әкелді Ресейлік дәрігерлер Шымкентте коронавирусқа қарсы күрес бойынша көмек көрсетеді

Облыс басшысы осы уақытқа дейін Сыр өңірінде де шектеулерді жеңілдетудің бес кезеңі өткізілгенін айтып өтті. Көптеген саланың қызметі қалпына келе бастады. Алайда, жеңілдетуден кейін жағдай күрделенуде. Өткен аптада 51 жағдай тіркеліп, апталық өсім 20,4 пайызды құрады.

«Індеттің таралуы ұжымдастар арасында, отбасылық іс-шаралардан және көптің жиналуынан байқалуда. Соңғы кездегі науқастардың көбісінің қайдан жұқтырғанын анықтау қиынға түсуде. Яғни, кез келген адамнан жұғу ықтималдығы жоғары. Қазіргі карантинді жеңілдету кезінде өзара қарым-қатынас артуда. Тұрғындар арасында індетке сенбеушілік және бейқамдық күшеюде. Осыған сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға деген ынта төмендеді. Сондықтан, облыс тұрғындарын күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырамын.

Қоғамдық ортада, көпшілік орындарда бетперде тағып жүру, әлеуметтік арақашықтықты сақтау қалыпты жағдайға айналуы тиіс. Сонымен қатар, ұжымдық, отбасылық көпшілік жиналатын іс-шараларды өткізуге шектеу қойылады», - деді облыс әкімі.

Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 297 адам тіркелген. Оның ішінде 231-і сырқатынан жазылып шықты.

Соңғы дерек бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 адам тіркелді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT