+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.96 EUR 423.78
RUB 6.03 CNY 54.16
Jańalyqtar

Қызылордада үздік тауар өндірушілер анықталды (ФОТО)

2015 жылғы 24 тамыз 12:33
Бөлісіңіз:
Қызылордада үздік тауар өндірушілер анықталды (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік тауары - 2015» өңірлік көрме-байқауы өткізілді.

Президенттік «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауын ұйымдастырып, өткізу биылғы жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берілген болатын.

Биылғы жылы Сыр өңірінде өткізілген өңірлік байқауға аймақ кәсіпкерлігінің түрлі саласынан 25 тауарөндіруші қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов бастаған басшылар жергілікті тауарөндірушілердің өнімдеріне жоғары бағасын берді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Шарада Кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов: «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы - жаңа тұтынушыларды таба отырып, іскерлік байланыстар орнатуға арналған бірегей шара болып табылады. Биылдан бастап байқау ережесіне енгізілген өзгерістің нәтижесінде жеке кәсіпкерлер де қатысу мүмкіндігіне ие болды», - дей келе, осы жылы жеке кәсіпкерлердің белсенділікпен қатысқандығын жеткізді.

Байқауға қатысушылардың өнімдерімен танысып, бағалау жұмыстарын жүргізген сарапшылардың бағалауымен төмендегі тауарөндірушілер жеңімпаз атанды:

"Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар" аталымы бойынша:І дәрежелі дипломмен «Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауыты» ЖШС; ІІ дәрежелі дипломмен «Мир - 2001» ЖШС; ІІІ дәрежелі дипломмен «ШиеліТасОңтүстік» ЖШС.

"Халық тұтынатын үздік тауарлар" аталымы бойынша: І дәрежелі дипломмен «УЮТ» ЖШС; ІІ дәрежелі дипломмен «Қазақ соқырлар қоғамының Қызылорда оқу өндірістік кәсіпорны» ЖШС; ІІІ дәрежелі дипломмен ЖК «Мұрагер».

"Үздік азық-түлік тауарлары" аталымы бойынша: І дәрежелі дипломмен «Арал тұз» АҚ; ІІ дәрежелі дипломмен «Браунис» ЖШС; ІІІ дәрежелі дипломмен ЖК «Қазбергенов» марапатталды.

Көрме-байқау жеңімпаздары "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арнайы дипломдарымен, мүсіншелермен және қаржылай сертификаттармен марапатталды. Жеңімпаздардан өзге көрме-байқауға қатысушылардың барлығы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің алғыс хатымен марапатталды.


2
null
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елубай Әуезов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT