Қызылордада үздік кәсіпкерге млн теңге беріледі

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат. Қызылорда облысында кәсіпкерлік саласы бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізген үздік кәсіпкер, ауыл әкімі, әрбір ауылға бекітілген жауапты тұлға және кәсіпкерлер палатасының аудандық өкілдіктері анықталады. Олардың әрбіріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай сыйақы табыс етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен айда кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне қатысты аудандарды аралап шықтық. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев та қатысты. Ол әрбір ауданда саланы дамытуға байланысты арнайы мәжіліс өткізді. Жауапты мамандардың есептерін тыңдап, аудан, ауыл әкімдерінен бұл бағыттағы жұмыстардың кемшін тұстарының себеп-салдарын сұрап, жұмысты қатаң талап етті», - деді  облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Айта кету керек, биылғы жыл Қызылорда облысында «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» болып бекітілді. Саланы дамыту үшін жергілікті атқарушы орган тарапынан ерекше қолдау көрсетілуде. Осы ретте, облыс басшысы әкімдікке қарасты барлық лауазымды тұлғаларды (облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары) ауданға, тіпті ауылға жауапты ретінде бекітті. Әрбір тоқсан сайын кеңейтілген жиында сол ауылда, ауданда кәсіпкерліктің даму көрсеткіші, ұсынылған, қаржыландырылған жобалар, тіпті жауапты лауазымды тұлғаның саланы дамыту үшін нақты қабылдаған шаралары туралы есепке алынып отыр. Ал бекітілген мемлекеттік қызметкерлер ауданды, ауылды аралап, әкімдерімен байланысып, жобаларды қорғауға қатысып, белсенділік танытуда.

Осылайша Қызылорда облысында кәсіпкерлік саласындағы үздіктерді қаржылай сыйақымен марапаттау туралы шешім қабылданды. Нәтижесі жыл соңында белгілі болмақ.

Соңғы жаңалықтар