Қызылордада үй салуға асықпайтын тұрғындардан жерлері қайтарып алынады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қвзылорда қаласында баспана тұрғызуға асықпайтын азаматтардан берілген жер учаскелері қайтарып алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2016 жылы Қызылордада «Бәйтерек» шағын ауданы бой көтерді. Онда 6 мыңнан астам адамға 10 сотықтан жер берілген еді. Барлық қажетті инфрақұрылым тартылды. Дегенмен, жер учаскесін алғанына екі жылдан астам уақыт өтсе де, үйлерін әлі де тұрғызбаған азаматтар анықталып отыр. Жер телімін алғандар 2005 жылы кезекке тұрғандар болып табылады. Оларға үй салуға үш жыл уақыт белгіленген.

«Біз 2005 жылы жер кезегіне тіркелген тұрғындар мәселесін толықтай шештік. Енді 2006 жылы жасалған тізімге кезек келді. Барлық инфрақұрылым мәселесі шешілген «Бәйтерек» шағын ауданында пайдаланылмаған жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл жерлер кезекте тұрған келесі азаматтарға беріледі», - деді Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев халық алдында есеп беру шарасында.

Айта кетелік, қазіргі таңда Қызылорда қаласында 53 мыңға жуық адам жер кезегінде тұр.

Соңғы жаңалықтар