+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қызылордада үй әперем деп 30 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ әйел сотталды

2019 жылғы 12 қазан 05:34
Бөлісіңіз:
Қызылордада үй әперем деп 30 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ әйел сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада кезектен тыс пәтер алып беретінін айтып елді алдаған азаматшаға қатысты сот үкімі шықты. Ол екі жыл көлемінде жәбірленушілерге 30 млн теңгеден астам мүліктік шығын келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола тұрғынының 3 млн теңгесін жымқырған Қырғызстан азаматы ұсталды Шымкентте ХҚО қызметкері алаяқтық жасады деп айыпталып отыр Қазақстанда екі күн ішінде 50-ге жуық интернет-алаяқтық фактілері анықталды

Оңай жолмен ақша табуды мақсат еткен азаматша ойлаған ісін 2017-2019 жылдар аралығында жүзеге асырған. Ол өзін әкімшілікте қызмет атқаратынын айтып, қала аумағында жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерден кезектен тыс пәтер алып беретініне сендірген. Дегенмен ол 27 жәбірленушіге 30 млн теңгеден астам мүліктік шығын келтірген.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылды. Қызылорда қаласы №2 сотының үкімімен азаматша 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қызылорда қаласының №2 сотында биыл 505 қылмыстық іс қаралған. Оның ішінде 101-і алаяқтық қылмыс ретінде тіркелген. Сотта қаралған әрбір бесінші іс - алаяқтық қылмыс.

Бұдан бұрын 58 адамның 66 млн теңгесін алдап алған қызылордалық сотталған-ды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қызылорда облысы, Сот, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT